Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ерке Есмахан Данияр Елеусіновтің рэп оқып жатқан сәтінің видеосын жариялады

30 Желтоксан, 2017

Елеусінов екі әнді орындады.

Қазақстандық белгілі әнші Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің рэп оқып жатқан сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарияланған видеоларда Елеусінов рэпер Бастаның "Осень" және 2000-жылдардың басында танымал болған "Банда" тобының "Плачут небеса" әндерін орындайды. Бірақ әншімен бірге тағы кімнің қосылып айтып отырғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың тамызында Интернетте Елеусіновтің бала кезіндегі биінің видеосы кеңінен таралған еді. Боксшының өзі де болашақта өзін шоу-бизнесте көруге қарсы емес екенін айтқан болатын.

Наверх