Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы AIBA-дағы текетіреске қатысты ұстанымын білдірді

11 Қазан, 2017

 Бүгін Қазақстан бокс федерациясының жыл сайынғы конференциясында Тимур Құлыбаев AIBA-дағы текетіреске қатысты ұстанымын айтқан, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

 "AIBA-да президент пен уақытша комитет арасындағы келіспеушілік шешілмей жатыр. Осы ретте Қазақстан бокс федерациясының ұстанымы өзгермейді. Біз заң мен құқықтың үстемдігін, AIBA жарлығының орындалғанын қалаймыз. Сондықтан қазіргі келіспеушіліктер жақын арада шешіледі деп сенеміз. Шыны керек, қазіргі кезде AIBA жолайрықта тұр. Біз болсақ, аталған ұйымның заңды органдарымен жұмыс істейтін боламыз", - деген Құлыбаев.

Ұйым басшысының айтуынша, Қазақстанда жас боксшыларды даярлау жұмысы ойдағыдай атқарылып келеді. Резерв те бар. Төрешілердің кәсіби біліктілігі де жоғары. Он төрешінің тоғызында AIBA-ның жоғары категориясы бар. Айта кетейік, бүгінгі конференцияда Тимур Құлыбаев бокс ережелеріне бірқатар өзгерістердің енгізілгенін де жариялады. 

inform.kz

Наверх