Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Конфедерация спортшыларды марапаттады

21 Қыркүйек, 2017

Конфедерация 2017 жылы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер болған спортшыларды марапаттады. 

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында үздік өнер көрсеткен бокс, күрес, дзюдо және таеквондо шеберлерін, бапкерлерін және кешенді ғылыми топ мүшелерінің еңбегін ескере келе марапаттау рәсімін өткізді.

Жалпы саны 11 спортшы мен бапкерлер және ұлттық құрама команда мамандарынан құралған 36 адам ақшалай сыйақыларға ие болды.

Марапаттау рәсімін Күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков жүргізді.
Сонымен қатар салтанатты шараға бокс, күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрелері бойынша федерациалардың басшылары қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік 2017 жылы Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша спортшылар 11 медаль жеңіп алған болатын(1 алтын, 4 күміс және 6 қола).

Наверх