Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жастар арасында Азия чемпионатында 2 алтын медаль жеңді

17 Шілде, 2017

Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионатыны мәресіне жетті. Үздіктер анықталып, мықтылар оза шықты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Толтаевтар жараған күн! Қос ағайынды Санатәлі мен Саматәлі Толтаевтар қарсыластарының барлығын ұтып, Азия чемпионы атанды.

 

60 келі салмақта Саматәлі Толтаев Тайланд, Өзекстан, Корея және Қытай боксшыларын тізе бүктірді. 64 келі салмақта Санатәлі Толтаев Өзбек, Қытай, Сирия және Үндістан боксшыларынан басым түсті.

 

Финалға шыққан тағы қос боксшымыз Өзбек қарсыластарына есе жіберді. 91 келі салмақта Данила Семенов Профсор Роримшадан, аса ауыр салмақ дәрежесінде Ұланұлы Нұрдәулет Лазизбек Мулложоновтан айласын асыра алмай, күміс жүлдені қанағат тұтты.

 

Қола жүлдені төрт боксшымыз еншіледі. Айбек Досанов (52 кг), Бақтияр Смағұлов (56 кг), Аят Мыржықбаев (75 кг) және Елдияр Қамшыбеков (81 кг). Жартылай финалда төрт боксшымыздың екеуі Өзбек боксшысына, екеуі Жапон боксшысына есе жіберді.

 

Жастар арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы 5 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен бірінші орын алды. Екінші орында біздің құрама. Үздік үштікті 2 алтын және 1 қоламен Жапон боксшылары түйіндеді.

 

dodasport.kz


Наверх