Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қайда жұдырықтасатыны ресми айтылды

07 Мамыр, 2017

Головкин - Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі.

Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр. 

Головкин - Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді.

kaz.vesti.kz

Наверх