Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Боксшы қыздар Швецияда 11 медаль алды

08 Ақпан, 2017

Швецияның Бурос қаласында өтіп жатқан Golden Girl турнирі - әйелдер боксы бойынша әлемдегі ең маңызды жарыстардың бірі.

Осы жылы қазақстандық боксшылар турнирге алғаш рет қатысып, жарысты сәтті аяқтады. 22 елден келген 254 спортшының арасында біздің қыздар 3 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль алды. Отандастарымызға Олимпиада чемпионы және Олимпиадалық дайындық орталығының басшысы Ермахан Ибраимов жетекшілік еткен.

 

Golden Girl турнирінің алғашқы алтынын 80 келіде шаршы алаңға шыққан 15 жасар Эльдана Талипова алды. Надежда Рябец 69 келіде қарсыласы шыдатпаса, Гузаля Садықова 15 келіде үшінші алтынға қол жеткізді.

Наверх