Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Нысанада – дәстүрлі жеңіс

12 Тамыз, 2013

Өткен аптада Астанадағы Боксты дамыту орталығы бір тәуліктің ішінде үлкен түсіру алаңына айналды, онда жарқыраған прожекторлар, көтергіш, жасыл түстер, камералар мен ұзын сымдар... Біздің былғары қолғап шеберлеріміз бұған дағдыланбаған – яғни жандарына жақын емес. Бірақ, құрама мүшелері камера алдында емес, шаршы алаңда көрермен көзайымына айналды. Алайда қазіргі таңда басқаша болу мүмкін емес. Серік Қонақбаев айтқандай: «Спортшылар – бұлар көпшіліктің адамы. Біздің бокшыларымыз да осыған үйренулері керек».

Қазақстан боксы тарихындағы ірі оқиға алдында, осы жылы өзінің 80 жылдығын атап өтетін, - әлем чемпионатында, ұлттық құрама Түркияға бару үшін үш күн бұрын Астанада жиналды.
«Ұлт қуаты» атты көлемді жарнама науқанынан кейін Олимпиадалық ойындар алдында түсірілген, сапалы сурет пен бейнетүсірілім бір жыл өтсе де БАҚ өкілдерінің ынталы қолданысында, сондықтан ҚБФ басшылығы көрермендердің назарын аударудың ең таңдаулы тәсілі – оларға қазақстандық бокс мектебінің даңқты дәстүрі туралы айтып беруді қажет деп шешті. Бұл үшін ұлттық құраманың бірінші нөмірлерінен басқа, отандық боксты дамыту тарихына қомақты үлес қосқан боксшылар шақырылды. Түсіру алаңында өткен жылдардың чемпиондары болашақ чемпиондармен кездесті.
«Дәстүрлі жеңіс» - жарнама науқаны осылайша аталады. Барлық құпияларымызды жария етпей, түсіру алаңының шымылдығын уақытша жабайық.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Бірінші күн
Түсіру тобының бірінші күні боксшыларға қарағанда ертерек басталды. Түсірудің үлкен залын дайындау – оңай шаруа емес. Жарық көздерін, яғни, бес метр жоғарыда тұрған, терезелердің бәрін жабу; отандық мектептің негізін салушы Шохра Бөлтекұлынан бастап, қазақстандық бокстың қаһармандары мен олардың маңызды сәттері түсірілген ақ-қара фотобаннерлердің көмегімен тиісті орта жасау; артық заттарды алып тастау (оның ішінде екі ойын алаңын жинау мүлдем оңай емес) және қажеттілерін қосу (екінші қабаттағы жаттығу залының жабдықтары төменге түсірілді), соңында жарық түсіру құралдары мен камераны орнына қоюға – бір тәулік қажет болды.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Бокшылардың үйреншікті залдарына кірген кездегі түр әлпеттерінен таң қалғандарын байқадық. Отыз секундтық роликтерді түсірудің өзіне бір жарым сағат кетті, бірақ бұл ерте аяқталғаны – көп жағдайда екі жарым сағаттық жұмыс жасалынды.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Мұнда біздің қаһармандарымызға рөлдер беріліп, сөздерін жаттау қажет емес, олар өз өздерін көрсетті, сондықтан да олардың рөлдері қиындай түскені белгілі. Бір эпизодты бірнеше дубльде әртүрлі қырынан көрсетіп, алыстан жақынға ақырындап өтті – спортшылар сол бір жаттығуды бірнеше рет қайталап, түсіру алаңында машықтанды.
Бірінші болып құрсақ тығыршығының құпиясын ашқан Мерей Ақшалов болды. Бұл жаттығуларды біздің айтулы спортшымыз, Мәскеуде өткен жазғы Олимпиадалардың финалисті, Еуропа чемпионы, қазіргі кезде Astana Arlans командасының жаттықтырушысы, бейнероликте Мерейдің тәлімгері Виктор Демьяненконың көрсеткен жаттығулары сияқты қиын емес еді. Тәжірибелі боксшы, жақсы оқушы «арландар» мектебінің тәлімгері Мерей Ақшалов өзіне жүктелген міндеттерін, Виктор Леонидовичтің берген тапсырмаларын тайсалмай орындап шықты. «Құрсақ тығыршығының жаттығулары» екі сағаттан артық уақытқа созылды. Салмағы 64 кг боксшымыздың осы әрекетіне де қуана қол соғамыз. «Мерей – аяғынан тік тұрған спортшы, оған жеңіп алған атағы дәлел. Ол өзін Astana Arlans командасында да көрсетті, ұлттық құрамада өз салмағымен жетекші орында, өте жұмыскер, сыпайы, барлық жағынан сүйкімді жігіт. Әлем чемпионы, олимпиада чемпионы болуға еш кедергі жоқ, біз ол үшін қуанамыз және жоғары биіктерден көрінуге тілектеспіз» - деді ұзақ тісірілімнен кейін Виктор Леонидович өзінің қамқоршысы туралы осылай сипаттады.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Жас және дарынды, Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі боксшысы 56 кг-дық Қайрат Ералиев түсіру тобына езуінен күлкі кетпейтін адам ретінде жатталып қалды. Сөйлесіп тұрса да, ауыр дене жаттығуларын жасаған кезде де Қайрат күлімдеп жүреді. Операторлардың камера алдында аздап салмақты болуын өтінгендері рас, өйткені ол – өз қарсыластары алдында беделді боксшы. Қайраттың бейнеролигінде оның көмекшісі 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, астанаға арнайы келушілердің бірі Серік Елеуов болды. Ол Қайраттың соққыларын өтеуде жаттығуларды қиындатып, қосымша күш түсіріп тұрды. Бірақ сонда да біздің боксшымыздың шырқы бұзылмады.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Ұлттық құраманың «ардагері» атанған Біржан Жақыпов, тәжірибе жинақтаған боксшы ретінде жас боксшыларды рухтандыра түседі. Жарыстарға жастарды дайындап, кеңес беріп жүретін Біржан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының (1996 және 2000 жылдар) екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовтен сабақ алды. Боксшының базалық жаттығуы кезінде - жасанды қарсыласқа берілген соққы мен қорғаныш тәсілдерін жасаған кезде, боксшылар жиі салмағын ауырлатады. Олардың салмағы 1 кг аспауы керек. Ролик түсірілімінде Болат Нуретдинұлы Біржанға әрқайсысы 3 кг салмағы бар гантель ұсынды. Әрі қарай қиындатудың керегі жоқ. 3 кг-дық гантельдерді көтеру қиын емес, бірақ олармен жұмыс істеу, соғу қиынның қиыны. Жасап көріңіз, қалай екенін сонда түсінесіз.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Сағат кешкі 11-ге қарай кезек 69 кг –ға дейінгі салмақ категориясына да келіп жетті. Бұл салмақтың маңыздылығын ескере отырып, Данияр Елеусіновке әріптес табу қиын болмады. Бірақ құрметті қонақтарды таңдауда салмағы бірінші дәрежелі фактор емес, бірақ үздік нұсқасы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуын айтпау мүмкін емес. Ұлттық құраманың екі капитаны – қазіргі және бұрынғы, боксшылар ұрпағы сабақтастығының айқын жолы – бұл осы дәстүрдің жақсы жақтарын әрі қарай жалғау. Бұдан басқа да, екі боксшының жұмысы роликтің түсірілімінде аз көрсетілді. Олардың осы күні соңғы болуына қарамастан, олардың ширақ қимылдары мен көтеріңкі көңіл күйлері залдағылардың бәрін тез сергітті, түсірілім күнінің соңында жұмыс әрі қарай жандана түскендей болды. Сценарий бойынша Серік Даниярдың соққыларын алақанымен тосып алып, оны игеруіне көмектеседі. Дубль арасындағы үзілісте спортшылар билеп те, қалжыңдап та үлгерді, фотокамера алдында бұлшық еттерін көрсетіп жарысты. Түсірілімге көп уақыт кетсе де, уақыт тезірек өтті.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Екінші күн
Екінші түсірілім күні ауыр салмақты категориялардан басталды. Түсірілім оңай болмайтыны белгілі. Иван Дычко бәрінен де ең қиын тапсырманы орындады. Салмағы 20 кг-дық штангі грифімен жаттығу жасау – боксшылардың нокаутқа түсіретін соққысын жетілдіру жаттығуы. Бірақ бұл жаттығуды Сидней олимпиадасының чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Ермахан Ибрайымов қиындата түсті, ол грифті астынан лақтыруды ұсынды, яғни апперкотты жетілдіру қажет болды. Ермахан Сағиұлы соңынан Иванның жұмысын мақтай түсті, және машықтанып алса, олимпиада чемпионы атағын еш кедергісіз алатынын айтты. Түсірілім алаңында машықтану әдістері екі жарым сағаттан артық болды, осы уақыт ішінде Ваня грифтен ажыраған жоқ. Түсірілім соңында Иван мен Ермахан Сағиұлы қарсыласпен жұмыс істеу кезінде төменгіден берілетін соққыны беруге жаттықты. Таңертеңгілік түсірілімнен кейін Иван тренажер залына баруды кейінге қалдырды, бір күнде грифпен жұмыс істеу жеткілікті деп ойлады. Айта кету керек, Ермахан Сағиұлының көңіл күйі түсіру тобын қуаттандырды. Сергек және көңілді қонақ Ванядан басқа, режиссерға, операторға және басқа да жұмысшыларға да жақсы ұсыныстар жасап жүрді. Көп уақытты қажет ететін түсірілімдер бір реттен түсіріліп жатты.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Ал енді промо-роликте 52 кг салмақ категориясындағы Ильяс Сүлейменовпен бірге Қазақстанның құрметті қонағы, қазақстандықтар арасындағы ең алғашқы әлем чемпионы, осыдан 35 жыл бұрын әлемдегі ең үздік боксшы атағын жеңіп алған, ССРО-ң үш дүркін чемпионы, Монреалда өткен жазғы олимпиада ойындарының чемпионы - Валерий Рачков еді. Соңғы рет ол Астанада өткен жылдың көктемінде, Мәскеуден АИБА-ң техникалық делегаты ретінде Олимпиаданың біліктілік сайысына келді және туған жерінде болғанына қатты риза болды. Валерий Александрович қазақстан бокшыларының ойындарын көріп отыратынын және халықаралық рингтегі жетістіктеріне қуанатынын айтты. Роликтің түсіріліміне қатысуға бірден келісті және өз рөліне өте байыппен қарады. Қолына Ильястың былғары қолғабын ұстаған қонағымыз басын қалай ұстау керектігін, қозғалу тәсілдерін, аяқпен жұмыстың ерекшелігін, соққыны қалай соғудың қажеттігін айтып түсіндірді. Бұл кеңестердің бәрі боксшыларға арналды. Ильяс соңынан ардагердің кеңестері шынымен де пайдалы екенін мойындады.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Екінші күннің түсірілімін құрамадағы бірінші нөмірлі 75 кг салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы аяқтады, онымен бірге болған Афинадағы олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев еді. Боксерлік форманы басшының костюміне айырбастаған, атағы шыққан қазақстандық боксшы, дегенмен де өз тұлғасын тұрақты жаттығулармен қалыптастырып тұрады, және де рингке шыққан сәттерін есіне алады. Жаттығу жұмыстарын жасаған Жәнібекке Бахтияр өзінің айла-әрекеттерінің бірнешеуін үйретті. Жәнібек өте қабілетті оқушы, өйткені барлық кеңестерді жадында сақтап қалған екен, түсірілім бұл жолы күндегіден ерте аяқталды.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Үшінші күн
Түсірілімнің қорытынды күні бокс базасында тез қарқында өтті, алайда фокус камерасында қалғандардың артқан жүгі жеңілдемеді.
Дене жаттығулары– спортшылардың базалық дене жаттығуларының бірі, құрама мүшелерінің күнделікті ісі. Берік Абдрахманов осы күні алаңға бірінші шығып, екі жарым сағаттық жаттығуда шаршамады және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қайталау кезінде бірауыз қарсы сөз айтпады. Галиб Джафаров – әлем чемпионы және жүлдегері осы жаттығу түрінің көп екенін және оның қолдың бұлшық еттерін дамытатынын атап айтты. Берік Галибке толтырмалы доптың көмегімен әртүрлі қиын жаттығуларды жасатты. «Мұндай допты боксшылар соққының қатаюына пайдаланады»-деді Галиб. Соңында жігіттер Беріктің қолы осы уақыттарда үш саниметрге ұзарғанын айтып әзілдесті. «Мүмкін, беске шығар» - деп жауап берді Берік.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Роликте екі адамнан көп түскен жалғыз боксер – Әділбек Ниязымбетов. Оның промо-бейне түсірілімінің қойылымы спаррингке негізделген. Оның қарсыласы болуға келіскен, төменгі салмақты Жәнібек Әлімханұлы көмек қолын созды. Жәнібектен басқа ең басты тұлға Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің екі мәрте иегері, қазіргі таңда Қазақстандық бокс федерациясының вице-президенті – Серік Қонақбаев еді. Серік Керімбекұлы Әділбекке үзіліс кезінде кеңестерін берген секунданты болды. Мұның өзі бокшыларды тек қана қамера үшін емес, жалпы жақсы жұмыс істеуге бағыштады.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Промо-серияның түсірілімін аяқтаған Антон Пинчук болды, оның үйретушісі Пекинде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев еді. Соққылардың әдістері мен тәсілдері қатты жылдамдықпен жасалып, 91 кг боксшыны Бақыт күндегіден де шапшаң қозғалуға бағыттады. Екеуінің де қарқыны көрермендерін қызықтырып, ролик те ертерек түсірілді.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Мұнымен жұмыс біткен жоқ, жеке түсірілімдерден басқа, командамен де жұмыс жүргізілді, жалпы жаттығулар, фотосессиялар мен жарнамалық кампанияға қажетті кейбір элементтер түсірілді. Ұлттық құрамамен жұмыс істеген («Ұлт қуаты») танымал «BigFishPRO» компаниясының түсіру тобы мен құрамында 15 адамы бар AstanaArlans компаниясы. Түсірілімнен кейін түсірілген материалдарды өңдейтін, бағасы құнды шағын-фильмдер жасайтын, яғни дайын өніммен басқа компания жұмыс істейді. Осы жұмыстың нәтижесін жақын күндерде көре аламыз. Еліміз батырларын тануы керек. Егер де кім де кім батырларымыз туралы естімеген болса, осы жарнамалық кампаниядан кейін оларды білетін болады.

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

ҚБФ вице-президенті және түсіру үдерісіне қатысушылардың бірі Серік Қонақбаевтан жарнама кампаниясы туралы айтып беруді өтіндік: «Дәстүрлі жеңіс» - осы ұранымыз біздің іс-әрекетімізді толығымен суреттейді, - дейді Серік Креімбекұлы. – Ол үшін не істеу керек? Жаттықтырушылардан – сапалы дайындық, жас боксшыларымызбен мектепті қамтамасыз ету, жігіттерден – өз шеберліктерін жетілдіру, федерациядан толығымен – спортты жоғары жетістіктері жеткізу ғана емесе, сонымен бірге спортты бұқарашылдыққа жеткізу талап етіледі. Мұның бәрі білікті жаттықтырушыларды даярлауды қажет етеді. Бүгінде Қазақстанда осыған барлық алғышарттар бар. Жақында Әлемдік Бокс Академиясының ашылуы болады, біз оған үлкен үміт артып отырмыз. Бізге әлемдік атғы бар мамандар келіп, семинарлар өткізетін болады. Біздің жаттықтырушыларымыз құлшына түсетініне сенімдімін. Федерация да кәсіби шеберлікпен міндетін атқаруда. Бұл роликтер боксты елге жария етеді. Жұртшылық алтын алқалардың оңай келмейтінін білуі керек, ол үшін шаршы алаңда тер төгіледі».
Сонымен бірге Серік Керімбекұлы біздің спортшыларымыз көпшілік алдына шығуға бейімделуі қажет. «Біздің спортшыларымыз – көпшіліктің адамы деп ойлаймын, оларды теледидардан жиі көрсетіп, үнемі түсіріп жатады. Әрине, кейбір жігіттеріміз камера алдында тартыншақтайды, бірақ олар осыған бейімделуі керек. Олар ұлттық құрамамыздың беткеұстарлары, бүгінгі күні біздің өскелең ұрпақ оларды үлгі тұтары анық. Біз де өз уақытымызда Соломин Василий, Дан Позняк, Мұхаммед Әли сияқты болғымыз келген. Бізбен бәсекелесетін басқа да спорт түрлері дамыған осы кезде біздің жігіттеріміз – кәдімгі өзіміздің азамттарымыз екенін көрсетуіміз қажет. Біздің ісімізде бұл үлкен көмек».

Көптеген боксшыларымыз үшін камералар мен фотоаппараттар объективі үйреншікті жағдай. Жылына бірнеше күнді осы жұмысқа арнасақ, командамызға қиынға түспейді. Нәтижесінде оларды жарнама баннерлерінде, олардың роликтерін теледидар мен ғаламтордан көрсек, олардың үйреншікті жері – бокстың шаршы алаңы, яғни ринг. Сүйікті ісі – бұл бокс. Әрине бұл бізді қуантпай қоймайды.
Өйткені бокстан әлем чемпионатына толық екі ай қалды. 10 тамызда ұлттық ьқұрама түсірілімнен кейін Астанадан біірден Түркияға аттанып кетті. Біздің былғары қолғап шеберлері демалыстан кейін, қайтадан жұдырықтасудан жан салмайды. Олардың дайындығы Алматыға жақын жердегі спорт базаларының бірінде өтеді. Бұл енді ешқандай да түсірілімге тең келмейтін, жаттығу болары анық.

Жанар Өтешева, «Астана Спорт» спорт басылымы
ҚБФ сайтына арнайы дайындалды

www.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауевwww.kfb.kz
Фото: Изтурган Алдауев

Наверх