Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«ASTANA ARLANS» АЛҒЫРЛАР АРАСЫНДА.

03 Шілде, 2013

Шілденің 2-нен 3-не ауған түні Лозаннада Бүкіләлемдік бокс федерациясының штаб-пәтерінде барлық франшиза өкілдері қатысқан, WSB төртінші кезеңінің жеребе тастау рәсімі болды.

Біздің клубтан Лозаннаға бас жаттықтырушымыз Сергей Корчинский аттанды. Өткен кезеңнен бір ғана ерекшелік – ұлттық федерациядағы бір қалыпты емес жағдайға байланысты AIBA/WSB шешімімен франшизадан айырылған, "BritishLionhearts" командасының орнына куба бокс мектебінің (кәсіби рангте алғаш рет арнайы) "CubaDomadores" командасы, яғни кубалық «жыртқыштар» келді.

Дәл солармен қазақстан командасы бір топқа түсті! Төртінші тұрақты кезеңді Бүкіләлемдік бокс сериясының қазіргі чемпионы В тобында, «CubaDomadores», «MexicoGuerreros», «AzerbaijanBakuFires», «RussiaBoxingTeam», «HussarsPoland» командаларымен бірге өткізді.

А тобында жүлдеге таласушы командалар: «UkraineOtamans», «ItaliaThunder», «USA Knockouts», «ArgentinaCondors», «GermanEagles», «AlgeriaDesertHawks».

Бұл кезеңнің қызықты өтері сөзсіз – қарсыластар жүлдені қолдан бере қоймайтын, бокс мектебінің шыңдалған майталмандары !

Ақтық мәреде біздің «арландар» өз жерінде BakuFires-ті қабылдайды.

 

Жанар Өтешева, Астана Спорт спорт басылымы

Наверх